Тойлағанда, ойланып тойлайық!

Фев 17 • Общество, Онлайн-конференции, Политика, Экономика • 842 Просмотров • 1 комментарий к записи Тойлағанда, ойланып тойлайық!

Қазақ хандығының 550жылдығын тойлауында саяси астар жатыр, бұл туралы «R-студияның» қонақтары тікелей эфирде мәлімдеді. Белгілі қоғам қайраткері Хасен Қожахмет және саясаттанушы Дос Көшімнің пікірінше, немқурайлы және асығыстықпен жасалған бұл шараның пайдасынан зияны артық болуы мүмкін. 

Хасен Қожахметтің айтуынша, бұл мәселеде әр тарихшының пікірі әрқалай.

— Керей мен Жәнібектің бөлінген күнің әркім әртүрлі айтып жүр ғой. Бұл жерде нақты тоқ етерін айту қиын, мұсылманша жыл есебі бойынша есептегенде барлығы қате жіберіп отыр, бұл осыдан болып отыр. Бірақ, менің айтайын дегенім, осы тойды өткізу, кімге, не үшін керек? Билік басындағылар осындай асығыс шешім қабылдағанда не ұтады, кімге нені дәлелдейді? Керісінше, мына қазақтар кеше ғана пайда болыпты ғой, дейтіндер көбейе ме, деп ойлаймын, — дейдіқоғам қайраткері.

Бұл мәселеде тарихи шындықтан гөрі, саяси астары бар екенін саясаттанушы Дос Көшім де мойындайды.

Мен тарихшы емеспін, алайда, бұл жерде 5-10 жылдың ары-берісінде тұрған ештене жоқ деп ойлаймын, ол сондай маңызды емес. Өз басым қазақ хандығының құрылған жылын тойлап, атап өтуді қолдаймын, ол дұрыс. Бірақ, асығыстықпен емес, мерекелік шаралар бір жылдың ішінде емес, кемінде 3-4 жыл жүргізілу керек еді. Сонда, мұның идеологиялық, патриотизм тұрғысынан халыққа пайдасы тиер еді, дейді ол.

Эфирді толығымен тікелейсілтеме бойынша көріңіздер;

https://www.youtube.com/watch?v=QoCjfAjSuhM  немесе төмендегі көрсетілім сілтемесін басыңыздар.

R-студия

 

Похожие Записи

Один ответ на Тойлағанда, ойланып тойлайық!

  1. Айбын:

    Бұл мейрам біздің болашаққа деген инвестициямыз… Болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз.. Қазақта айтады ғой «Өлі риза болмай — тірі байымас» деп. сондықтан еліміздің ел болуына үлес қосқан Керей мен Жәнібек сынды хандарымыздың еңбектерін бағаласақ, көп нәрсе ұтамыз деп ойлаймын..

« »