Үміткерлер неге емтиханнан құлап жатыр?

Мар 16 • Интервью, Общество, Политика, Экономика • 616 Просмотров • Комментариев к записи Үміткерлер неге емтиханнан құлап жатыр? нет

 Орталық сайлау комиссиясы президентікке үміткерлерді қабылдауды аяқтады. Алайда, көп үміткерлер мемлекеттік тілден емтиханды тапсыра алмай қалды. Олардың денгейі расымен жеткіліксіз бе? Әлде мұнда саяси астар бар ма? Осыны анықтау мақсатымен біз «R-студияға» емтиханнан құлаған Есенбек Үктешбаевты және филолог Ноябрь Кенжеғараевты шақырдық. Студиямызда тәуелсіз емтихан өткізетін боламыз.

Қазақстанда президенттік сайлау науқаны басталып кетті. Сайлау комиссиясы үміткерлерді қабылдауды аяқтады. Алайда, көп үміткерлер мемлекеттік тілден емтиханды тапсыра алмай қалды. Олардың денгейі расымен жеткіліксіз бе? Әлде мұнда саяси астар бар ма? Осыны анықтау мақсатымен біз «R-студияға» емтиханнан құлаған қоғам белсендісі Есенбек Үктешбаевты және филология ғылымдарының кандидаты Ноябрь Кенжеғараевты шақырдық. Студиямызда тәуелсіз емтихан өткізетін боламыз.

Сонымен қатар, қазақ тілінен емтиханға қатыстырылмаған президентіікке тағы бір үміткер Қазақстанның мұсылмандар одағының жетекшісі, Мұрат Телибеков студиямыздың қонағы болады. Эфир барысында мемлекеттік тілден Орталық сайлау комиссиясының сынағынан өтпей қалған қоғам қайраткері Уалихан Қайсаровпен байланысқа шығу жоспарлануда.

Емтихан  «R-студияның» тікелей эфирінде ертең, сейсенбі, 17 наурызда, Алматы уақытысымен сағат 15.00-де  өтеді.

Өз сұрақтарыңызды осы материалға пікір ретінде қалдырсаңыздар болады және студия поштасына — [email protected] жіберуге де болады.

Тікелей эфир студияның парақшасында жүргізіледі: http://rstudio.kz.

Кейін видеожазбасы YouTubтағы «R-студия» парақшасында шығады: http://www.youtube.com/rstudiokz.

«R-cтудия»

 

 
 

 

Похожие Записи

« »